Мемлекет басшысының сөзінен:

— Біз өзімізді Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагері деп білеміз. Батыр бабаларымыз бізге ұлан-ғайыр даланы аманат етті. Олар салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын мұраға қалдырды. Ортақ міндетіміз – осы баға жетпес қазынаны көздің қарашығындай сақтау.

— Барлығымыз жоғары мәдениет пен ұстамдылық танытып, ішкі сабырлылықты сақтауымыз, бос сөз бен мақтаншақтықтан аулақ болуымыз керек.

— Қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жариялаймын.

— Ұлттық спорт түрлерін дамыту – Үкімет пен әкімдіктер алдында тұрған аса маңызды міндет.

— Келесі жылы елордада бірден жеті әлем чемпионаты өтеді. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Дегенмен бұл халықаралық іс-шаралардың барлығы еліміздің беделі мен абыройын нығайту үшін аса қажет.