Өткен жылы «Қазақстан халқына» қорының қаржыландыруымен Аққыр ауылдық округінде жаңа спорт кешені ашылып, ел игілігіне берілді. Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, орталық стадион қайта жаңғыртылды.

Бұл – тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жасалған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

Бүгінде 16 мыңға жуық аудан тұрғыны бұқаралық спортпен тұрақты айналысады. Бұл аудан халқының 44 пайызын құрайды.

Аудан спортшылары әлем және Азия чемпионаттары мен облыстық жарыстарда 144 медаль жеңіп алып, жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.