Ол Сауль "Канело" Альвареспен немесе Хамза Ширазбен жұдырықтасуға дайын екенін айтып, "Канело менімен шығуға батылы жетсе, оны шайнамай жұтамын. Қазақтар осал емес!" деп жазды.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабында 17 жекпе-жектің бәрінде жеңіске жетіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған.