Аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерден құралған аудан командасының спорттағы жетістіктеріне тоқталып, олардың өңір намысын абыроймен қорғап жүргенін атап өтті.

«Жалағаш ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда 2025 және 2026 жылдары облыс әкімінің жүлдесіне арналған облыстық спартакиадада екі жыл қатарынан І орын иеленіп, чемпион атанды. Республикалық жарыста да өз шеберліктеріңізді танытып, жоғары нәтиже көрсетіп келесіздер. Соның ішінде қазақ күресінен Жайдарбай Мырзабайұлы І орын иеленіп, ауданымыздың мерейін үстем етті. Сізге және ауданның мемлекеттік қызметшілерінен құралған командаға алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да осындай жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берулеріңізге тілектеспін», – деді А.Ибраимов.
Айта кетейік, Жайдарбай Есенов қазақ күресінен 90 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласынан басым түсіп, І орын иеленіп, республикалық спартакиаданың чемпионы атанды. Жарысқа еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан командалар қатысып, спорттың 10 түрінен сынға түсті. Қызылорда облысының құрамасы сапында болған жалағаштық мемлекеттік қызметшілер сайыста жоғары нәтиже көрсетті.