Ол Тоқаевтың Путинге соғысты тоқтататын уақыт келгенін айтқанын жоғары бағалап, бұл үндеуді «шынайы, уақтылы әрі дана» деп атады.
Сибига Украина бұған дейін де майдан шебіндегі ұрыстарды тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерге көшу туралы ұсыныс жасағанын, алайда Ресей бұл бастаманы қабылдамағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Мәскеу бейбіт ұсыныстарды қабылдауы үшін қысым күшеюі керек.