Халықтың сенімі — ең үлкен жауапкершілік. Ал елге қызмет ету — атақ пен мансаптың емес, адалдық пен табандылықтың ісі. Егер сіздердің қолдауларыңызға ие болсам, әрбір айтылған ұсыныс пен көтерілген мәселені назардан тыс қалдырмай, ауданымыздың оның ішінде Дәуімбай елді мекенінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, абаттандыруға, аяқ сумен қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға, мәдениет пен руханияттын, жастар арасында бұқаралық спорттың дамуына күш салатын боламын.
Мен үшін әр тұрғынның пікірі маңызды, әрбір отбасының мәселесі ортақ, әрбір игі бастама қолдауға лайық. Өйткені ауданның өркендеуі — бір адамның емес, баршамыздың бірлігіміз бен ортақ еңбегіміздің жемісі.
Қадірлі ағайын!
Алдағы сайлау — әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел болашағына үн қосатын маңызды саяси науқан. Сондықтан ешкімде бұл науқаннан шет қалмауы керек. Сайлауға қатысу — тек ғана дауыс беру емес, өз азаматтық ұстанымыңды білдіру, туған жердің келешегіне бейжәй қарамайтыныңды көрсету.
Сіздерді сайлау күні белсенділік танытып, сайлау учаскесіне келуге, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын!
Таңдауларыңыз саналы, шешімдеріңіз байыпты болсын!
ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ — БҮГІНГІ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ! БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ БЕРЕКЕ, СЕНІМ БАР ЖЕРДЕ СЕРПІЛІС БОЛАДЫ!
Менің мақсатым — құрғақ уәде беру емес, ел мүддесі жолында еңбек ету. Сіздердің сенімдеріңізді ақтау — менің басты міндетім!
🇰🇿Сенім білдірсеңіздер — сенімдеріңізді ақтауға бар күшімді саламын!
Құрметпен,
Әбуов Ерболат Ғабденұлы - №2 сайлау округі бойынша Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидат.