САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІ МЕН МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ БАҚЫЛАУДА
Qyzylorda Times
11.08.2026, 21:51
Бөлісу:
Алдымен аудан басшысы №105 орта мектебінде орналасқан №98 сайлау учаскесіне барып, сайлау өткізуге қажетті жағдайлардың жасалу барысын бақылап, учаскенің жұмыстарын бақылады. Сондай-ақ Төретам кентіндегі №85 орта мектебіндегі №114 сайлау учаскесінің де дайындық деңгейін көрді.
Жалпы азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау - басты міндет.
Сондықтан қауіпсіздік талаптарын сақтап, қажетті ұйымдастыру жұмыстарын уақытылы аяқтау мәселелері аясында бірқатар тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Жандос Еркінбек білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығын да тексерді. Биыл жылу беру жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында №105 орта мектебіне облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал Төретам кентіндегі №85 орта мектебінде жалпы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім ошағының жаңа оқу жылына дайындығы қамтамасыз етілуде.
Аудан басшысы жауапты сала басшыларына сайлау учаскелерінің дайындығын белгіленген талаптарға сай аяқтап, мектептердегі жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.