ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАН БІРҚАТАР АЗАМАТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Qyzylorda Times
26.08.2026, 10:38
Бөлісу:
Осыған орай бүгін аудан басшысы Жандос Еркінбектің қатысуымен Төретам кентінде Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға және өткізуге белсене атсалысқан азаматтарға құрмет көрсетіліп, арнайы кездесу өтті.
Аудан басшысы: «Құрылтай – азаматтардың ұсыныс-пікірі ескерілетін маңызды алаң. Сондықтан осы саяси науқанның жоғары деңгейде өтуіне әрқайсыңыздың қосқан үлестеріңіз ерекше. Алдағы уақытта да ауданымыздың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жолында бірлесіп жұмыс істейміз деп сенемін. Баршаңызды тарихи таңдауымызбен шын жүректен құттықтаймын! Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы игі істеріміз табысты болсын! Елдігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай», – деп өз ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында Жандос Еркінбек саяси науқанда белсенділік танытқан азаматтарға және жауапты сала мамандарына «Алғыс хатын» табыстап, құрмет көрсетті.