Құрылтай – қоғамның өзекті мәселелерін талқылап, азаматтардың ұсыныс-пікірін тоғыстыратын маңызды қоғамдық алаң. Мұнда халықтың мүддесін көздейтін бастамалар көтеріліп, ел мен өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелер кеңінен қарастырылады. Сондықтан Құрылтай құрамының белсенді әрі жауапты азаматтардан жасақталуы қоғамдық жұмыстың нәтижелі болуына ықпал етеді.

Әрбір дауыс – қоғамға деген жанашырлықтың көрінісі. Сайлауға қатысу арқылы тұрғындар өздерінің азаматтық ұстанымын білдіріп қана қоймай, өңірдің дамуына бағытталған маңызды шешімдердің қабылдануына үлес қосады. Бұл – заңмен берілген құқықты пайдалану ғана емес, ортақ іске деген жауапкершілікті сезінудің белгісі.

Қоғамдық келісім мен тұрақты даму азаматтардың белсенділігімен тығыз байланысты. Тұрғындар қоғамдық бастамаларды қолдап, маңызды науқандарға қатысқан сайын қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенім нығая түседі. Белсенді азаматтық ұстаным елдің бірлігі мен тұрақтылығын сақтауға да қызмет етеді.

23 тамыз күні өтетін Құрылтай сайлауы – әрбір азаматқа өз таңдауын жасап, қоғам өміріне белсенді араласуға берілген мүмкіндік. Сондықтан барша тұрғынды сайлауға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамыз. Себебі елдің болашағы – әрқайсымыздың жауапты таңдауымызға байланысты.