Құрылтай – қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайтатын маңызды қоғамдық институт. Мұнда тұрғындардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері талқыланып, елдің және өңірлердің дамуына бағытталған бастамалар ортаға салынады. Сондықтан Құрылтай құрамын қалыптастыруға тұрғындардың белсенді қатысуы маңызды.

Кейде қоғамдағы өзгерістерді өзгелерден күтеміз. Алайда кез келген оң өзгеріс әр адамның өз таңдауынан басталады. Сайлауға қатысу – тек заңмен берілген құқықты пайдалану ғана емес, қоғамға деген жауапкершілікті сезінудің нақты көрінісі. Әрбір дауыс азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын білдіреді.

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысу арқылы әрбір тұрғын қоғамның дамуына өз үлесін қоса алады. Ортақ іске атсалысу, белсенділік таныту және өз таңдауын жасау – жарқын болашаққа бастар сенімді қадам.