Сайлау учаскесіне бірге келген отбасы мүшелері өздерінің азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел болашағына қатысты таңдау жасады. Бұл – жас ұрпаққа азаматтық белсенділіктің, елжандылықтың және қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңызын көрсететін тағылымды үлгі.
Бүгінде отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Берекелі шаңырақтың ел өміріндегі маңызды мәселелерге белсенді араласуы қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтық жауапкершіліктің нығаюына ықпал етеді.
Берекелі отбасы – берік елдің негізі. Ал ел болашағы әр отбасының жауапты таңдауынан басталады.