Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкер «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 6% мөлшерлемемен 14 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндірісіне қажетті заманауи құрал-жабдықтар сатып алды. Нәтижесінде цехтың өндірістік қуаты артып, жұмыс көлемі айтарлықтай ұлғайды.

Қазір цехта ай сайын 15-20 дана терезе және 8-10 дана есік дайындалады. Өнімдерге аудан тұрғындарымен қатар көршілес аудандардан да сұраныс жоғары.

Сонымен қатар кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бұл мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға оң әсерін көрсетеді.