Қазір Жосалы кентіндегі тұрғындар қоныстанған 128 көшенің 110-ы түнгі жарықпен қамтылған. Бұл жалпы көшелердің 86 пайызын құрайды. Аталған көшелерде 2470 дана жарық шамы орнатылған.

Сонымен қатар көше жарықтарының жанып кеткен немесе істен шыққан шамдары анықталған жағдайда, мүмкіндігінше қысқа мерзімде ауыстырылып, жарықтандыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.