Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың бақылауымен сенбілік барысында көшелер, аулалар, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтары қоқыстан тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.

Игі шараға мекеме қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.