12 тамызда өткен бренд-комитет отырысында жартылай финалға өткен кәсіпкерлер өз өнімдерін таныстырды. Әрі қарай, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары бренд-комитет мүшелерінің бағалау парақтары аясында жеңімпаздарды анықтады.

 

Жеңімпаздармен таныс болыңыздар:

1.  Маханбет Жәнібек – Сыр талы ағашынан жасалған кәдесыйлар, Сырдария ауданы;

2.  Болатова Айдана – Жартылай фабрикат өнімдерін өндіру (тары шайы, сүт қосылған талқан), Шиелі ауданы;

3.  Булекбаев Руслан – Емдік сабын өндірісі, Қазалы ауданы;

4.  Қожбанова Айнұр – Гипс пен адыраспаннан жасалған сәндік бұйымдар, Қызылорда қаласы;

5.  Маханбетжанова Динара – Ет өнімдері және GHI (гхи) майын өндіру, Қызылорда қаласы;

6.  Сәрсенбаева Айжан – Шұжық өнімдерін өндіру, Қызылорда қаласы;

7.  Батырханова Шахаризадаханым – Киізден жасалған бас киімдер мен паннолар, Қызылорда қаласы;

8. Мұхимов Абзал – Шоколадпен қапталған жент, Қызылорда қаласы;

9. Күшжанова Жұлдыз – Жантақ шөбінен дайындалған шай, Арал ауданы;

10.  Жұматай Әсел – Кептірілген жемістер, жеміс чипстері және пастила, Жалағаш ауданы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!