Аталған жобаны іске асыруға облыс әкімінің қолдауымен 2026 жылға 100 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Бөлінген қаражат шеңберінде:
🔹 жедел қызметтердің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
🔹 Полиция департаментінің аудандық бөлімшелеріндегі 102 қоңырауларын бірыңғай жүйеге интеграциялау;
🔹 Төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 желілерін 112 қызметіне бағыттау;
🔹 жедел шақыртуларды қабылдау және өңдеу процестерін цифрландыру бағытындағы жұмыстар толық аяқталды.
Ендігі кезекте 101 және 112 жедел желілеріне келіп түсетін қоңырауларды қабылдау және тіркеу жұмыстарын Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқамасының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің диспетчерлік қызметі жүзеге асыратын болады.
Жүргізілген жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бағалау мақсатында Жедел әрекет ету орталығының директоры Бағлан Бекентайұлы мен Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы Данияр Асқарұлы  облыстың аудандық бөлімшелеріне іссапармен барып, атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.
Іссапар барысында аудандық бөлімшелердегі жедел қоңырауларды қабылдау, ақпарат алмасу, оқиға орнына күштер мен құралдарды бағыттау және қызметтердің өзара үйлесімді әрекет ету мәселелері зерделенді. Жаңғыртылған жүйе азаматтардың шұғыл өтініштерін жылдам қабылдауға, тиісті қызметтерге жедел жеткізуге және олардың орындалуын орталықтандырылған түрде бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл – өңірдегі қауіпсіздік жүйесін цифрландыру, жедел қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеру бағытындағы маңызды қадам.
Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әрбір шұғыл шақыртуға жедел әрі сапалы ден қою.
#ҚызылордаОблысы #Көмек112 #ЖеделӘрекетЕтуОрталығы #Цифрландыру #Қауіпсіздік8/