Облыс әкімі жаңа басшыға су шаруашылығы нысандарын жаңғырту және цифрландырудың  кешенді жоспарына енгізілген шараларды уақытылы орындауды, шаруашылықтарға су жеткізіп беру қызметін сапалы ұйымдастыруды және қыс-көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алуды тапсырды. 
Ибадулла Абдуллаұлы 1976 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Экономика және менеджмент», Тараз мемлекеттік университетінде «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандықтары бойынша білім алған.
2003-2007 жылдары «Оңтүстіксушар» кәсіпорнында экономист, бас экономист болған.
2007-2013 жылдары Су ресурстары комитетінде түрлі лауазымдарда еңбек еткен.
Кейінгі он жыл көлемінде «Қазсушар» мекемесінің Астана қаласындағы орталық аппаратында, Ақмола, Қарағанды облыстарының өңірлік филиалдарында басшылық қызметте болған.
2024 жылдан  осы күнге дейін республикалық «Қазсушар» мекемесі бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.