Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік осал топтарына және кезекте тұрған тұрғындарға тұрғын үй салып алу бойынша 2023-2025 жылдары аудан орталығынан 267 пәтер сатып алып алынды.  Биылғы жылы да  100 тұрғын үй (200 пәтер) салып алу үшін тиісті қаржылар бөлініп, жыл аяғына дейін жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар ауданның Алдашбай Ахун, Ақжар, Қармақшы (Қызылтам) және ІІІ-Интернационал ауылдарының электр желіліренің құрылысын жүргізуге 1,7 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Алдағы уақытта бұл жұмыстардың құрылысын жүргізетін мердігерді анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.