Жалпы, Жалағаш ауданы аумағынан өтетін теміржол желісінің ұзындығы 47 шақырымды құрайды.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтіп, мердігер мекемеге нысан құрылысын жеделдетіп аяқтауды және вокзал аумағын абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.
Айта кетейік, Жалағаш кентінде темір жол жолаушыларына қызмет көрсету пунктінің ғимаратын күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін теңгерім иесі «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ мен «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС-нің арасында келісімшарт жасалынған.

Қазіргі таңда ғимараттың ішкі қабырғаларына әрлеу, ішкі бөлмелердің еденіне керамикалық тақтайшаларды төсеу, нысан аумағын жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.