Оның дәлелі ретінде Төретам кентінде жеке кәсіпкер «Контидерлік цех ашу» жобасымен несие қаражатын алып, тәттілерге тапсырыстар қабылдап, жұмысын жасауда.
Қармақшы ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Саман блогын шығаруға құрал-жабдық сатып алу» жобасы бойынша қаражат алып, жұмысын бастап кетті.

Бұдан бөлек Дауылкөл ауылдық округінен жеке кәсіпкер «Ағаш шеберханасын ашу» жобасы аясында шеберханаға қажетті құрал-жабдықтар сатып алуда. Осы ауылдық оругтен жеке кәсіпкер «Наубайхана ашу» жұмыстарымен айналысуда.
Алдағы уақытта жеке кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейе түсіп, аудан экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деп есептеймін.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жағасын табатын болады.