Соның бір дәлелі ретінде Жосалы кентінің жеке кәсіпкері 2026 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында бетон бұйымдары мен брусчатка шығару кәсібін бастау мақсатында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиемен 9 миллион теңге көлемінде қаржы алды.
Қазір бөлінген қаражатты мақсатты пайдаланып, бетон бұйымдарын шығаратын құрылғы сатып алып, кәсібін бастап кетті. Жоба аясында 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Жас кәсіпкердің алдағы мақсаты осы кәсіпті одан әрі кеңейтіп, өнім қуаттылығын арттыру.

