Жалпы ұзындығы 3,192 шақырымды құрайтын жолдың Жанқожа батыр көшесінің бір бағыттағы Т. Бөріқұлақов көшесіне дейінгі бөлігінде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда айналма жолдың екінші бағытындағы құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Негізінен айналма жол Роза Бағланова атындағы мәдениет үйі тұсынан қарама-қарсы екі бағыттан басталып, Т.Бөріқұлақов көшесімен қиылысатын болады.


Нысандағы жұмыстардың сапасына назар аударып, мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сәйкес сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Айналма жолдың пайдалануға берілуі кенттегі көлік қозғалысын реттеп, орталық көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биылғы жылы ауданда автомобиль жолдарын дамыту бойынша Әйтеке би кентінің 12 көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджттен 81,6 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта ауданның автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу бойынша 26 жобаға облыстық экономика және қаржы басқармасына барлығы 3,7 млрд. теңегеге бюджеттік өтінім тапсырылды. Бұдан бөлек Қожабақы-Аранды және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аралықтағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланып отыр.