Талап қоюшының кеш тіркелгеніне оның ешқандай кінәсі жоқ. Кәмелетке толмағандықтан, ол тұрғын үйге құқығын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылған. Б. тәрбиеленген балалар үйі қазіргі уақытта таратылған. Уәкілетті орган талап қоюшының тәрбиеге орналастырылғаны туралы істің мән-жайын заңды бағалауға әсер етуі мүмкін дәлелдерді ұсынбады, — деп хабарлады ҚР Жоғарғы Сотынан.