
Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері негізінен Сырдарияның көне арналары – Қуаңдария мен Ескідария маңына шоғырланған. Зерттеушілер бұл аумақта ондаған көне қала орындары, қорымдар мен ежелгі суландыру жүйелерінің іздерін анықтаған. Кейбір асарлардың қазіргі үйінділері бірнеше қабат болып, биіктігі ондаған метрге дейін жетеді.Ал «асар» деген атаудың өзі осындай көне қалалардың уақыт өте келе топырақ үйіндісіне айналып, жергілікті халыққа төбе тәрізді болып көрінуімен байланысты.Алтынасар, Бидайық асар, Қосасар, Жалпақ асар, Тік асар, Томпақ асар және басқа да ескерткіштер – бір ғана дәуірдің емес, талай ғасырдың үнсіз куәгерлері. Олардың бірқатары бүгінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.Жетіасар – өткеннің жұрты ғана емес, Сыр бойындағы өркениеттің өшпес ізі.