Қарамырза кесенесі XIX ғасырға жататын қала құрылысы және сәулет ескерткіші ретінде тарихи-мәдени мұраның мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ескерткіш Қуаңдария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 7 шақырым жерде орналасқан. Зерттеу еңбектерінде Қарамырза кесенесі Сырдарияның төменгі ағысындағы дәстүрлі сәулет нысандарының бірі ретінде қарастырылып, өзінің көлемді аумағымен ерекшеленетіні атап көрсетіледі. Осындай тарихи нысандар – өткен дәуірдің құрылыс мәдениетін, сәулет өнерін және сол кезеңдегі халықтың дүниетанымын танытатын құнды мұра. Оларды зерттеу, қорғау және кейінгі ұрпаққа жеткізу – ортақ міндет.

Қарамырза кесенесі де Қармақшы жеріндегі тарихтың үнсіз куәсі ретінде өз маңызын сақтап келеді.

Тарихи мұраны сақтау – өткенді құрметтеу ғана емес, келешекке аманат қалдыру.