«ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ» МӘДЕНИ КЕШІ АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ӨТКІЗІЛДІ
Qyzylorda Times
15.08.2026, 16:35
Бөлісу:
Рухани құндылықтарды дәріптеп, тұрғындардың өнерге деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен тағылымды шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев арнайы қатысып, ауыл жұртшылығын мәдени кештің өтуімен құттықтады.
Диас Асылбекұлы елді мекендердегі мәдени шаралардың маңыздылығына тоқталып, өнердің халықты бірлікке ұйыстыратын, ұлттық болмысты айшықтайтын рухани күш екенін жеткізді.
Кеш барысында Ақай ауылы мен аудан өнерпаздары көрермендерге ән мен күйден, ұлттық және заманауи билерден мерекелік концерт ұсынып, өз өнерлерін ортаға салды. Әрбір өнер көрсетілімінде ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдірді.
Айта кетсек бүгін Жосалы кентінің орталық алаңында елді мекен өнерпаздардың қатысуымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Ел іші – өнер кеніші» мәдени кеші жалғасады. Ұлттық өнерді ұлықтап, ел арасындағы ынтымақты арттыруға өзіндік үлесін қосар тағылымды шарада сіздерді күтеміз!