Қарапайым қарағанда көне құрылыс болып көрінгенімен, оның бойында тұтас бір дәуірдің тарихы жатыр. Кесененің кірпішпен қаланған қабырғалары, өзіндік сәулеттік ерекшелігі сол заманның құрылыс мәдениетінен хабар береді.
Баланды – бізге өткеннен жеткен жай ғана ескерткіш емес. Бұл – ғасырлар бұрын осы даланы мекендеген адамдардың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымын, өнерін танытатын құнды мұра.
Осындай тарихи орындарға барғанда «осы жерде қанша ғасырдың ізі жатыр екен?» деген ой келеді. Уақыт өткен сайын талай дүние өзгерді, бірақ бабалардан қалған осындай жәдігерлер тарихымызды ұмыттырмай, өткенімізбен байланыстырып тұрады.
Қармақшы өлкесінің әрбір тарихи ескерткішінің айтары бар. Ең бастысы – сол тарихты біліп, қадірлеп, кейінгі ұрпаққа жеткізу. Баланды кесенесі де – сол аманаттың бірі.