Музей қорында сақтаулы тұрған бұл кебеже 1896 жылы арнайы тапсырыспен жасалған.

Бұл жәдігердің басты ерекшелігі – бірде-бір шеге қолданылмай жасалғандығында, яғни шебердің ағаш өңдеу ісіндегі жоғары кәсіби шеберлігін танытатын көне бұйым бүгінгі күнге дейін өз қалпын сақтап жеткен.

Кебеже 2016 жылы Қуаңдария елді мекенінің тұрғыны Темірхан Өмірден музей қорына қабылданған.

Ғасырдан астам уақытты артқа тастаған шегесіз жасалған кебеже музей төрінен орын алып, халқымыздың дәстүрлі қолөнері мен тұрмыс мәдениетінің көрнекті үлгісі ретінде көпшілік назарына ұсынылуда.