Қазалы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында "АЙБЫН - 2026" әскери - патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеуі үш кезеңде ұйымдастырылып, ақтық жарысы 2026 жылдың 14 сәуір күні №16 мектеп-лицей базасында өтті. Сайысқа 35 мектептен 350 білім алушы қатысып, өз шеберліктерін сынға салды

✅САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ: оқушылардың денсаулығын нығайту және өскелең ұрпақты Отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу, әскери - патриоттық жұмыстарды жетілдіру, Қарулы Күштердің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау, ауданның құрама командасын жасақтау.

✅Жарыстың ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің әдіскері Тлеумбетов Алик Каумбаевич, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жаңабай Жасұлан Бақытжанұлы, Е. Әуелбеков атындағы ✓4 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей- интернат АӘжТД оқытушы-ұйымдастырушы Сәбит Жұмағұлов Ибайділдаұлы,М. Сужиков атындағы 6 орта мектептің АӘжТД оқытушы -ұйымдастырушы Сейітқасым Жұмахметов Бақбергенұлы қатысты.

✅Жастар жиынының қорытындысында жекелей кезеңдер бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар:

🔹АК 74 оқу қаруын бөлшектеп жинақтау кезеңі бойынша қыз балалар арасында жүлделі І орын № 17 мектеп оқушысы Сәрсен Аяна, жетекшісі Сарпек Ақылбай.

🔹АК 74 оқу қаруын бөлшектеп жинақтау кезеңі бойынша ер балалар арасында жүлделі І орын № 238 мектеп оқушысы Қаралпақ Нұржан, жетекшісі Әбжәли Нұртілек.

🔹Кеуде көтеру кезеңі бойынша жүлделі І орын № 17 мектеп оқушысы Сәрсен Аяна, жетекшісі Сарбек Ақылбай.

🔹Белтемірге тартылу кезеңі бойынша жүлделі І орын № 88 мектеп оқушысы Нұрқожаұлы Бақтияр, Жетекшісі Қалыш Талант.

🔹Пневматикалық мылтықтан оқ ату кезеңі бойынша ер балалар арасында жүлделі І орын № 249 мектеп оқушысы Ғабитұлы Бекдәулет. Жетекшісі Сәдуов Алтынбек.

🔹Пневматикалық мылтықтан оқ ату кезеңі бойынша қыз балалар арасында жүлделі І орын № 288 мектеп оқушысы Нұрәділ Нұрай, Жетекшісі Бекқожа Әкімбек.

🔹Пневматикалық мылтықтан оқ ату кезеңі бойынша қыз балалар арасында жүлделі І орын № 288 мектеп оқушысы Нұрәділ Нұрай, Жетекшісі Бекқожа Әкімбек.

🏆Командалық есеп бойынша:

🥇 І орын – №94, №98, №88, №24 мектептерінен құралған команда;

🥈 ІІ орын – №16, №17, №90, №104,№102,№95 мектептерінен құралған команда;

🥉 ІІІ орын – №170, №216, №226, №234,№288,№249 мектептерінен құралған командалар иеленді.

✅Жалпы командалық есеп және жекелей номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орын иелері Мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

✅Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде СӘТТІЛІК пен ЖЕҢІС тілейміз! 🇰🇿💪