Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы болып сайланды.
«Абай Даулет» ЖШС директоры Мұрат Абайұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосып, өңір экономикасының өркендеуіне бағытталған іскерлік бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан кәсіпкер.
Ол – ауыл шаруашылығының бірнеше бағытын қатар дамытып, өндіріс пен кәсіпкерлікті ұштастыра білген, еңбек пен жауапкершілікті басты қағида еткен азамат.