Рейдтік іс-шараға аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, полиция бөлімінің қызметкерлері, мекеме және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудан орталығындағы саябақтар, аллеялар, ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, дүкендер мен жастар көп шоғырланатын қоғамдық орындар қамтылды.

Рейд кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары түсіндірілді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз қоғамдық орындарда болуына қатысты шектеулер ескертілді.