Жаңа көпір Қызылорданың мәдени-әлеуметтік өміріне жаңа леп әкеліп, қаланың сәулеттік келбетін арттырады. Сондай-ақ өзеннің екі жағалауындағы саябақтар мен серуендеу аймақтарын біріктіріп, отбасылық демалысқа, спортпен айналысуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған таптырмас нысанға айналады.