Серіктестік 2018 жылдан бері броньды кеудеше, әскери каска, арнайы киім, газтұтқыш, парашют және өзге де қорғаныс құралдарын өндірумен айналысады. Өндіріс орны заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кәсіпорында 63 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Цехтың жылдық өндірістік қуаты 6,5 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі күнге дейін өндіріс орнын кеңейтуге және қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға 880 млн теңге инвестиция тартылған.

Аудан әкімі өндіріс орнының жұмысымен танысып, кәсіпкерлікті дамыту және өндіріс көлемін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар, кәсіпорынның әлеуетін одан әрі арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.