Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайдың айтуынша, қаладағы барлық мектепте 7 390 оқушы білім алып жүр.

2 484 бала Ресей Федерациясының мектептерінде оқиды, оның 698-і — Қазақстан Республикасының азаматтары.

Ал қазақстандық мектептерде білім алушылар саны — 4 906. 

— Ресейлік стандартқа сай білім алған қазақстандық мектеп түлектері ҰБТ-ға қалауынша қатыса алады. 2023 жылғы Үкіметаралық шешіммен екі елдің министрлігі келісімге келген еді. Келісім барысында Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен қазақ әдебиетін қосымша пән ретінде өту туралы ұсыныс мақұлданды. Мектеп бітіретін балалар бұл пәндерді қажетіне қарай меңгереді, яғни оларға таңдау еркіндігі берілген, — деді ол.