01.11.2026
САЙЛАУ: ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА 455 КАНДИДАТ ТІРКЕЛДІ
2026 жылғы 29 қарашада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткізіледі. Күнтізбелік жоспарға сәйкес, 1 қараша, сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды. Нәтижесінде Қызылорда облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 48 кандидат, қалалық мәслихатқа 23 округ бойынша 69 кандидат, аудандық мәслихаттарға 97 округ бойынша 292 кандидат тіркелді.